Жөтел мазаласа

Қазіргі таңда астма, бронхит секілді тыныс алу органдарының ауруларына шалдыққан адамдардың саны күн санап көбейіп келе жатыр. Оған суықтан қолқаның қабынуы, иммунитеттің әлсіреуі, нашар экология, темекі шегу, т.б. толып жатқан факторлар себеп болуы мүмкін. Кейде дәрігердің жазып берген антибиотиктері біраз уақытқа ғана әсер етіп, дертіңіз қайта қозатын жағдайлар да аз болмайды. Немесе дәрігерге баруға мүмкіндігіңіз болмауы да мүмкін. Мұндайда ертеден келе жатқан табиғи ем түрі көмекке келе алады.

Бізге керегі: 1-2 кг қызыл немесе күлгін пияз, 1-2 кг қант, 2 лимон, 1,5 литр су, 7 ас қасық бал.

Дайындалуы: Қантты темір ыдысқа салып қыздырып, араластырыңыз. Пиязды турап, қантқа салыңыз. Содан соң шамалы қуырып алып, су қосыңыз. Судың үштен бірі буланғанша, қоспаны қайната беріңіз. Оттан алып, салқындатыңыз. Бал мен лимон шырынын қосып, араластырыңыз. Қоспаны бір түнге қалдырып, ертесіне шыны ыдысқа құйып, тоңазытқышқа салып қойыңыз.  Бұл дәріні әрбір тамақ ішер алдында 1 қасықтан жөтелден әбден айыққанша ішіп тұру керек.

«Пайдалы кеңестер».

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.