ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕ БИ ЖӘНЕ КЕЛЕС АУДАНДАРЫНДА 8 ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Елбасының Жолдауында айтылғандай, азық-түлік бағасының өспеуін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қатаң қадағалауға алған. Облыс әкімі аудан, қала басшыларына бірқатар тапсырма беріп, өңірдегі азық-түлік бағасын өсірмеуді, әлеуметтік дүкендерді ашуды тапсырған болатын.

Қазіргі таңда, облыс көлемінде көп балалы және аз қамтылған отбасылар үшін әлеуметтік дүкендер көптеп ашылуда. Мысалы, Төле би және Келес аудандарында 8 әлеуметтік дүкеннің жұмысы қызу жүруде. Атап айтар болсақ, үш дүкен Төле би ауданының Ленгір қаласы, Киелітас ауылдық округі мен Көксәйек елдімекенінде орналасса, бес дүкен Келес ауданының Абай, Біртілек, Ұшқын, Қошқарата, Ошақты ауылдық округінде орын тепкен. Мұндай халық игілігі үшін маңыздылығы айрықша дүкендерде демеушілер есебінен көп балалы аналар мен аз қамтамасыз етілген отбасыларға азық-түлік, күнделікті тұтынуға қажетті тұрмыстық тауарлар және киім-кешектерді тегін беріледі.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.