Қ.ЕРЖАН, Мәжіліс депутаты: … «Бәрiн маман шешедi» деген сөз бар едi

Ақтөбеде су тасығанда сол кісілердің ертеңгі күнін ойлап, қорқып отырған жағдайын естіп, мен ұялып отырмын. Бірінші кезекте халықты алдын ала ескерту – жергілікті әкімдікте істейтін азаматтардың міндеті. Халықтың жағдайын жасауды, қауіптің алдын алуды ешкім назардан тыс қалдырмауы тиіс.

Совет үкіметі кезінде «Бәрін маман шешеді» деген сөз бар еді. Қызылордада, Сырдарияның ар жағында, Әйтек деген жерде осыдан 150 жыл бұрын теміржолға арналып салынған көпір бар. Ол осы күнге дейін тұр. Әлі де ұзақ уақыт тұрады. Бізге осындай сапалы, нақты жұмыс, білікті мамандар керек.

Бұрын көпір салынса, сол көпірді жобалаған инженер тексеру кезінде көпірдің астына тұрады екен. Өйткені ол өзіне сенімді. Көпірдің құламайтынына сенімді. Меніңше, біздің құрылысшылар сондай тәжірибеге бара алмайды-ау.

jasqazaq.kz

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.