Жұлдыз-жорамал

Тоқты

Бұл аптада сізден көмек күтетіндер көп. Бірақ, керек жерінде бас тартқан да дұрыс. Апта басына жоспарланған кездесуде жұмаға қалдырыңыз. Күткен ақшаңыз түспеуі мүмкін. Жаңа танысыңызбен оңаша кездесуге асықпаңыз.

Торпақ

Күтпеген хабар өміріңізді түбегейлі өзгертуі мүмкін. Сізді тек жұмыс қана бар қиындықтан құтқарады. Екінші жартыңызбен ерегісе беруді қойыңыз. Сәрсенбі күні жалғыз жүріп базарлаңыз. Демалыста ұйқыны қандырыңыз.

 Егіздер

Бұл аптада демалуды жоспарламасаңыз да, басқа жаққа жолыңыз түседі. Тек ақшаны ойланбай жұмсамаңыз. Бейсенбі күні қандай жағдай болмасын, уәде еткен жұмысыңызды бітіруіңіз керек. Сенбі күні спортпен айналысыңыз.

 Шаян

Жұмысыңыз сізге ләззат сыйлай бастайды. Қалтаңызда артық ақша бар, бастығыңыз да сізге риза. Енді демалыс жайлы ойлауға болады. Бейсенбі күні біреуге көмегіңіз қажет болады. Демалыс күндерін отбасымен өткізіңіз.

Арыстан

Өміріңізді өзгерткіңіз келеді, бірақ ол үшін не істеу керектігін білмейсіз. Есіңізде болсын, өзгелер не ойлайды деп өмір сүрудің қажеті жоқ. Бейсенбі күні маңызды құжатқа қол қоясыз. Демалыста күтпеген оқиға орын алмақ.

 Бикеш

Сіз бірқалыпты, тыныш өмір сүруге үйренгенсіз. Бірақ, сәрсенбіде жұмыста белсендірек болғаныңыз дұрыс. Ақшадан біраз қысылуыңыз ықтимал. Жұма күні шақырған жерден қалмаңыз. Демалыста шаруаңыз көбейіп кетуі мүмкін.

 Таразы

Сізді біреу өз мақсатына пайдаланғысы келіп жүр. Сақ болмасаңыз, қомақты ақшадан айырылу қаупі бар. Көптен байланысыңыз үзілген бір адам қайта пайда болуы мүмкін. Спортпен айналысыңыз, бар дертіңіздің емі сол ғана.

Сарышаян

Жаңа жұмыс іздеп жүрсеңіз, мұны әзірге құпияда ұстай тұрыңыз. Бейсенбі не жұма күні осыған байланысты маңызды хабар аласыз. Отбасындағы кикілжің шаршатуы мүмкін. Есесіне үйден тыс кездесулер ұмытылмас әсер сыйлайды.

Мерген

Апта бойы жұмыстан бас алмайсыз. Бұған өзіңіз кінәлісіз, өтініш жасағанның бәріне келісе беруге болмайды. Әсіресе, ақысыз жұмыс істегеніңіз отбасына да ұнамайды. Сондықтан, сапалы өмір сүру жолдарын қарастырғаныңыз жөн.

 Тауешкі

Көптен біліміңізді жетілдіруді ойлап жүрсеңіз, уақыт-сәті келді. Сәрсенбі күні маңызды кездесулер мен тиімді келісімдер күтіп тұр. Ата-анаңыздың хабарын алып тұрыңыз, оларға сіздің әлдебір көмегіңіз қажет болуы мүмкін.

Суқұйғыш

Бұл аптада өзіңіз орындай алмайтын жұмысты мойныңызға артпаңыз, дер кезінде бас тартыңыз. Сәрсенбі күні мәдени орындарға барып демалыңыз. Сенбі күні алатын күтпеген жаңалығыңыз бүкіл отбасын қуанышқа бөлейді.

 Балық               

Бірқалыпты өмірден шаршап, дүниені басқа қырынан тануға ұмтыласыз. Жоспарланбаған демалыс алып, саяхатқа аттануыңыз да мүмкін. Жаңа әсер алу сізге ауадай қажет. Егер алыс ұзай алмасаңыз, сезіміңізді жаңғыртыңыз.

 

 

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.