Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары ұсталды

QAZAQJOLY.KZ: 18 наурызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаментінің қызметкерлері Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрсәуле Сайлауованы қамауға алып, уақытша ұстау абақтысына жеткізді.

Басылым ақпаратынша, әкімдіктің әлеуметтік блогына жетекшілік еткен шенеунік екі ай бұрын өз қалауы бойынша отставкаға кеткен.

 Мемлекет қызметкері сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алды немесе талан-таражға салды және бес миллион теңге пара алды деген күдікке ілінген.

Ақжайықтың мәліметінше, бұрынғы шенеуніктің ұсталуы өткен жылдың аяғында Атырау облыстық білім басқармасының басшысы Қайырғали Кенжеғалиевке және оның орынбасары Роза Қабдоловаға қатысты қозғалған қылмыстық іспен байланысты болуы мүмкін. Олар өткен жылдың соңында пара алды деген күдікке ілінген.

Сондай-ақ, осы істің аясында жергілікті білім беру жүйесінен үш адам қамауға алынған. Екі басшыдан бөлек тергеу абақтысына мектеп-интернаттардың бірінің бас есепшісі де қамалған.

АҚПАРАТ көзі: kaz.nur.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.