ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ КӨП

Елбасы өзінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында бірнеше мәселеге айрықша тоқталды. Соның ішінде «Жастар жылын» белгілеп, өскелең ұрпақты қоғамның дамуына жұмылдыруы қолдау тауып отыр. Қоғамның даму үдерісін ілгерілетудің жетекші күші, ел ертеңі жастар екендігі белгілі. Сол үшін жастардың білімін жетілдіруге барлық жағдай жасауды міндеттеп отыр. Мемлекеттік қызметшілерді оқыту «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметке алғаш орналасқан тұлғалар лауазымға тағайындалғаннан бастап алты айдың ішінде қайта даярлауға бағытталуы тиіс. Басшылық лауазымдарға алғаш тағайындалғандар да қайта даярлау курсынан өтеді.Бұл дегеніміз, барлық шаралар білімді, мақсатшыл, адал, қабілетті, Отанымыз Қазақстанға риясыз қызмет ете алатын жас азаматтарды тәрбиелеуге үлесін қосады деген сөз.

Мемлекеттік қызметшілердің практикалық тәжірибесін шыңдау үшін өз жұмысынан тыс жерлерде тағылымдама ұйымдастырылады. Тағылымдама институты мамандардың кәсіби деңгейін көтеруге өз үлесін тигізетіні сөзсіз.

Қ.Керімжанов,

Қаратау аудандық сот орындаушылар

бөлімі аға сот орындаушысы

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.