«Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» атты республикалық дәріс және семинар өтуде

Бүгін, Түркістан қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» атты республикалық дәріс және семинар басталды. Латыннегізді қазақ жазуын меңгертетін Тіл оқыту орталықтарының қызметкерлерін оқытатын дәріс- семинарға өңірдегі оқу орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлері, мекеме қызметкерлері  қатысуда.
Дәріс-семинардың мақсаты – латыннегізді  қазақ  әліпбиі мен емле ережелерінің құрылымын,  емле нормаларының ғылыми негіздерін ересек аудиторияларға оқыта, түсіндіре алатын білікті тренерлер дайындау болып табылады.
— «Республика көлемінде  жаңа латын графикасымен жазылған жазба тіліміздің жүйесін, емле ережелерін ғылыми негізін  түсіндіре алатын білікті мамандар дайындаудың маңызы өте зор. Жаңа әліпбиді қабылдаудың негізгі алғышарттары бойынша да түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Дәріс барысында тыңдаушыға    қазақ әліпбиінің қысқаша тарихы,  графикасы мен құрамы,  әріп-фонема арақатынасы,  қазіргі айтылым және жазылым нормалары туралы ақпарат беріледі. Тыңдаушылар өзіндік сауалдары мен пікірлерін ортаға сала отырып, латын әліпбиі бойынша білімін жетілдіріп, өз аймақтарында дәріс жүргізуге мүмкіндік алады»,-деді Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық-ғылыми практикалық орталығы Қолданбалы лингвистика басқармасының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Ысқақ Бақыткүл Дәуітбекқызы.
Жаңа емле ережелерін үйрету барысында инновациялық педагогикалық технологиялар мен  әдіс-тәсілдердің ғылыми-iзденушiлiк және оқу-әдiстемелiк қағидалары қолданылуда. Аталмыш дәріс өңіріміздің аудан, қалаларынан жиналған оқытушыларға 4-5 сәуір күндері жүргізіліп, арнайы сертификаттар табысталады.
Дәрісті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық-ғылыми практикалық орталығы Қолданбалы лингвистика басқармасының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты — Ысқақ Бақыткүл Дәуітбекқызы, Назарбаев университеті Қазақ және түркі тілдері департаментінің асистент профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Ағабекова Жазира Ағабекқызы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты, грамматика бөлімінің аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Солтанбекова Әльфия Әбдікенқызы, аталған институттың Этнолингвистика бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Исаева Гүлсінай Сайлауқызы жүргізуде.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.