ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУДАНЫНДА ӨҢІРЛІК ӨНІМ КӨЛЕМІ 245 МЛРД. ТЕҢГЕДЕН АСҚАН

Түркістан облысы Созақ ауданында 2018 жылдың қорытындысымен 245 млрд. 184 млн.  теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндірілді. Оның ішінде, өнеркәсіп саласы бойынша – 216 млрд. 710 млн. теңге, ауылшаруашылық саласының үлесі – 12 млрд. 513 млн. теңгені құраған.

Бұдан өзге, аудан экономикасына 40 млрд. 880 млн. теңге инвестиция тартылды. Оның ішінде, жергілікті бюджеттен – 1 млрд. 843 млн. теңге, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың өз қаржысы есебінен – 38 млрд. 280 млн. теңге қарыз қаражаты көлемі – 127 млн. теңге инвестиция тартылған. 

Ал ауыл шаруашылығы саласында аудан бойынша 13 120 га алқапқа егіс егіліп, оның ішінде 5 505 га суармалы жер игерілген. Сондай-ақ, 1 га алқапқа жылыжай салынып, аудан көлемінде «Жасыл желек» бағдарламасы негізінде 111 га декоративті бауға тамшылатып суару әдісі ендірілді.

Сонымен қатар, аудан көлемінде кәсіпкерлік саласында 2018 жылы 12 млрд. 991 млн. теңгенін өнімі өндіріліп, өткен 2017 жылмен салыстырғанда 3,9 пайызға өскен.

Ауданға инвесторларды көптеп тарту және олардың инфрақұрылым мәселесін мемлекеттік деңгейде шешу мақсатында ауданда жалпы алаңы 50 га жер телімін құрайтын индустриалды аймақ құрылған. Бүгінгі күнге дейін жалпы құны 1 млрд. 197 млн. теңге құрайтын 5 жоба іске қосылып, жұмыс жүргізуде.

Айта кетерлігі, аудандағы индустриалды аймақта ағымдағы жылы жалпы құны 365 млн АҚШ долларын құрайтын 4 жоба қолға алынады. Атап айтқанда, жобалық құны 50 млн. АҚШ доллар құрайтын «ЮКСЭС-50» ЖШС-нің күн электр стансасын салу жобасы құны  15 млн. АҚШ доллар құрайтын «Стандарт Угле Хим» ЖШС-нің Таскөмірсай кенінің көмірін қайта өңдеу жобасы  құны  200 млн. АҚШ доллар құрайтын «Созақ фосфат» ЖШС-нің фосфор өңдеу зауытының жобасы жобалық құны  100 млн. АҚШ доллар құрайтын «Созақ Каус» ЖШС-нің өткір сода (каустическая сода) шығару жобасын іске асыру жоспарлануда.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.