«Шымкент сити» қалашығында алғашқы тұрғын үйлер беріле бастады

«Шымкент сити» қалашығында орналасқан 9 көпқабатты тұрғын үйлердің пәтер кілті тапсырылды. Ондаға 540 жалдамалы  пәтер көпбалалы отбасыларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа да әлеуметтік аз қамтамасыз етілген азаматтарға берілді.

Бұл Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  белгілеп берген еліміздің жаңа әлеуметтік саясаты «Әлеуметтік қамқорлық» мемлекеттік бағдарламасы асясында жүзеге асырылып отыр. Көпбалалы отбасыларға баспана кілтін тапсырған қала әкімі Ғ.Әбдірахымов олардың «Шымкент сити» қалашығындағы алғашқы тұрғындары екенін айтты.

««Шымкент сити» қалашығы шаһарымыздың жаңа әкімшілік-іскерлік, мәдени орталығына айналады.  Бұл қалашықта халықтың қажеттілігі үшін барлық жағдайлар қарастырылатын болады. Әлеуметтік нысандар – мектептер мен балабақшалар, емханалар және  қала тұрғындарының тынығатын демалыс орындары, кино концерт залы, спорт кешені, конгресс холл және т.б. көптеген ғимараттар бой көтереді. Біздің ең басты мақсатымыз — қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасау»,-деді әкім.

Айта кетейік, Шымкентте жыл соңына дейін 828 пәтерлі 14 арендалық коммуналдық тұрғын үйлер берілетін болады. Бұдан басқа, «7-20-25» ипотекалық бағдарламалары арқылы 246 пәтерлі 5 кредиттік тұрғын үй берілсе,  «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы Нұрсат тұрғын алабында 656 пәтерлі 11 кредиттік тұрғын үй, СПК «Шымкент» арқылы 1016 пәтерлі 24 кредиттік тұрғын үйлер тапсырлады.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.