Адамның ойын оқитын технология

Ғалымдар адамның ойын оқи алатын миға қойылатын имплант жасап шығарды. ВВС басылымының жазуынша, бұл құрылғы ойды оқып қана қоймай, оны сөзге айналдыра да алады.
Мұндай технологияны Сан-Францискодағы Калифорния университетінің ғалымдары құрастырған. Бұл құрылғы сөйлей алмайтын адамдарға көмектесе алады. «Әрине, адам ойын жазып алып, аудионұсқада айтқан кезде кемшіліктер болуы мүмкін. Дегенмен, бұл ғылым үшін үлкен прогресс»,-дейді ғалымдар.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.