258 зәулiм үй бос тұр

Қытайлық миллиардер Чэнь Шен туған ауы­лына 258 зәулім үй салып, оған 31,9 мил­лион доллар қаржы жұмсаған. Алайда бұл үйлер күні бүгінге дейін бос тұр. Оған тұр­ғын­дардың қызған­шақтығы себеп болған.
Бұл ауылда әуелде 190 отбасы болған. Құры­лыс барысында жаңа тұрғындар көшіп кел­ген­діктен, Чэнь Шен тағы 68 үй салуды жөн көр­ген. Бірақ, жергілікті тұрғындар бір үйді қанағат тұт­пай, бірден екі үй алғысы келген. Сонымен қатар, ауыл­дан кезінде көшіп кеткен тұрғындар да қайта ора­лып, баспана алуға құқы барын айтқан. Мұндай аш­көздік миллиардердің ашу-ызасын тудырып, өз жос­па­рынан бас тартқан. Қазір қараусыз қалған зәулім үйлер қайта жөндеуді қажет етеді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.