Ай туралы қызықты деректер

Ғалымдардың болжамы бойынша, Жер ғаламшары басқа ғаламшармен соқ­тығыс­қанда, оның сынықтарынан Жерді айнала сақина пайда болған. Ал ол сақинадан кейін Ай түзілген.
Ай әрдайым жерге бір бетімен ғана қарап тұрады.
Жерден Айға дейінгі арақашықтық 384 мың шақырымды құрайды.
Айдың сыртқы қабатының сал­мағы жалпы салмағының 4 пайы­­зынан аспайды. Ал Жердің сыртқы қабатының сал­мағы біздің ғаламшарымыздың жалпы салмағының үштен бірін құрайды.
Айға қонған американдық «Апол­лон-6» Жерге Айдың 385 килограмм топы­­рағын алып келген.
Айдың көлемі Жердің көлемінен шама­­мен 49 есе кішкентай.
Жердің бетінен қарағанда Ай мен Күннің көлемі бірдей болып көрінеді. Бірақ, Күннің көлемі Жерден шамамен 1,3 млн. есе үлкен.
Айда ауа болмағандықтан, онда ымырт болмайды, бірден түн қараң­ғылығы түседі.
Айдың көлеңкелі бетіндегі темпе­ра­тура жарық түсетін бетіне қарағанда әлде­қайда төмен.
Ирландиядан табылған тасқа қашал­ған Ай бетінің ежелгі картасы осы­дан бес мың жыл бұрын салынған.
Айға ең бірінші ұшырылған зымыран – кеңестік «Луна-2».
1969 жылы Айға ең алғаш табаны тиген адам – астронавт Нил Армстронг.
Айдағы тартылыс күші Жерге қарағанда алты есе төмен.
Айдың Жерге қараған бетінен біздің ғаламшарымыз тәуліктің кез-келген уақытында анық көрінеді.
Айда опат болған ғарышкерлерге арналған ескерткіш бар. Бұл – скафандр­дағы адамды бейнелейтін биіктігі 10 см-лік алюминий мүсінше.
Айда да жер сілкінісіне ұқсас тербелістер болып тұрады. Бұл – біздің ғаламшарымыз бен Айдың арасындағы тартылыс әрекетіне байланысты туын­дай­­тын құбылыс.
Айдың диаметрі Жер диаметрінің төрт­тен біріне тең.
Астроном Юджин Шумейкер денсау­лығына байланысты астронавт бола алмады, бірақ ол Айды зерттеуге көп үлес қосты. Сондықтан, ол өмірден озған соң, НАСА оның өтінішімен 1998 жылы мәйітінің күлін Айға жерлеген.
Ай тозаңынан күйген оқдәрінің иісі шыға­ды.
Айда магнит өрісі жоқ, алайда Айдан әкелінген кейбір тастардың маг­нит­тік қасиеттері бар. Мұның сыры әлі күнге ашылмаған.
Ай Жерден жыл сайын төрт санти­метрге алыстап барады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.