Б.ОСПАНОВ, Мәжіліс депутаты: … арасындағы айырмашылық көп сұрақ

Квотаны айқындау ұлтық экономика министрлігінің құзыретіне жатады. Депутаттар осы мәселеге бірнеше мәрте назар аударып, бұл функцияны уәкілетті органға беруді ұсынған. Қазақстан мемлекеттік саясатты дұрыс қалыптастырған кезде, Ресей сияқты құс етінің импортынан толық бас тарта алады. Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің экспортқа қатысты ресми деректері арасындағы айырмашылық көп сұрақ туындатады. Мысал келтірер болсақ, уәкілетті органның мәлімдемесі бойынша, 2018 жылы Қазақстан 34,4 мың тонна ет экспорттаған, оның ішінде сиыр еті – 18,8 мың тонна. Ал статистика комитетінің деректеріне сүйенсек, былтыр еліміз сыртқы нарыққа небәрі 16 мың тонна ет шығарған, яғни екі еседен де аз. Ал сиыр етінің экспорты 5 еседен де аз болды – 3,7 мың тонна. Ауыл шаруашылығы өнімін экспорттау кезінде министрліктердің өзара келіспей әрекет ететіні байқалады. Осыған байланысты, іс-шаралардың нақты жоспарын әзірлеу және ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын дамыту саласында ведомстволар мен өзге де ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту қажет.

sputniknews.kz

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.