А.ПЕРУАШЕВ, Мәжіліс депутаты: ЖIӨ-нiң көп бөлiгi ұрлануда

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі Қазақстанның басты проблемасы. Global Financial Integrity” халықаралық сарапшыларының мәліметінше, 167 миллиард доллардан астам қаржы Қазақстаннан заңсыз түрде оффшорға шығарылған. Басқаша айтсақ, жемқорлар тәуелсіздік жылдарында ел қазынасына мұнайды сатудан түскен қаражаттан екі есе көп ақшаны ұрлады. Дәл осы себептен қарапайым халықтың тұрмысы жақсармай отыр. Өйткені ЖІӨ-нің көп бөлігі ұрлануда. Жуырда Қазақстанға қайтарылған 180 миллион теңге жоғалтқан ақшамен салыстыруға келмейтін нәтиже. Сондықтан ұрланған ақшаны қайтару ғана емес, заңсыз капиталды шетелге шығаруға тосқауыл қою да маңызды міндетке айналып отыр. Себебі жемқорлар жымқырған ақшаны шетелге жасырып үлгеруге тырысады. Тіпті сотталып жатса да, бір-бір жарым жылдан кейін мерзімінен бұрын босап шығып, шетелге кетіп, сондағы капиталына өмір сүруді ойлап жатады.

sputniknews.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.