Әлем билеушілері туралы қызықты деректер

* Жапон императоры Акихито – біздің дәуірімізге дейінгі 1 ғасырдан бері үзілмей келе жатқан билеушілер әулетінен шыққан  125-ші мемлекет басшысы.
* Ең қатыгез билеушілер Гитлер мен Муссолини вегетариандық болған.
* Ұрпақтан-ұрпаққа берілетін Англия патшасының тағынан үміткерлер саны 60 адамнан асып жығылады.
* Еуропадағы монархтардың арасында ең ұзақ ел билеген – француз королі XIV Луи. Оның билігі 72 жыл 3 айға созылған.
* Ал бүкіл әлем бойынша ең ұзақ тақта отырған Мысыр перғауыны II Пепи 94 жыл билік жүргізген.
* Элеонора Аквитанская Англияның да, Францияның да патшайымы болған.
* Англия патшайымының ең үлкен ұлы автоматты түрде Карнуол герцогы лауазымына ие болады.
* І Петрдің бойы 2 метр болған, бірақ 38 өлшемді аяқкиім киген.
* Рим императоры Калигула өзінің мініс атын Сенат мүшесі етіп сайлаған.
* АҚШ президенті Авраам Линкольннің денесі 17 рет қайта жерленген.
* XIV Людовик патша «Ұлы бейсенбі» аталатын діни мейрамда 12 кедейдің аяғын жуып, сүйетін болған.
* Ағылшын патшайымы Елизавета 1952 жылы патшайым деп жарияланды, алайда патша тағына тек бір жарым жылдан кейін, қаралы аза тұту уақыты аяқталған соң ғана отырды.
* Византия императоры Юстин өз билігінің соңына қарай есінен ауысқан. Ол өз қызметшілеріне шабуылдап, тіпті олардың бірнешеуін жеп те қойған деген сөз бар.
* Осман империясының билеу­шісі Ибрагим өзге еркекпен көңіл қосты деген күдікпен өзінің 280 кәнизәгін суға батырып өлтірген.
* VI Карл өзінің шыныдан жасал­ғанына имандай сенген және еш­қашан суға түспеген.
* Швеция королі XIV Эрик өзін өзінің туған ағасы деп есептеген.
* Бавар ханшайымы Алек­сандра Амалия бала күнінде шыны фортепианоны жұтып қойғанына сенімді болған. Бұл ойынан ол ешқашан айнымаған.
* Мысыр королі І Фарук біреудің қалтасын қарағанды жақсы көрген. Ол тіпті Уинстон Черчилльдің сағатын да ұрлап алған.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.