Жуырда «Nur Otan» пар­тиясы Түркістан об­лыс­тық филиалы Сая­си кеңесінің жиыны өтті. Облыстық пар­тия филиалының тө­ра­ға­сы, облыс әкімі Өмір­зақ Шөкеев «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты партия жұмы­сын жү­йелі жаңғырту бағдар­ла­масына тоқталып, облыс ты­нысына қатысты: «Нақты жоба, нақты мәселе, нақты шешім» принципімен жұмыс істеуіміз қажет. Осы орайда төмендегідей 7 мәселені қолға алуды тапсырамын» деген облыс әкімі әрбір тапсырмаға арнайы тоқ­талып, жеке-жеке атап өт­ті. Бірінші, партияның бел­сенді мүшелерін ай­қын­дап алуымыз қажет. Партияда ел дегенде жанашырлықпен жұмыс іс­тейтін, халыққа шын жаны ашитын белсенділер жүруі керек. Арыс қаласындағы жүйе секілді әр ауданнан белсенді 10 адамнан жинап, партия атынан ха­лықпен тығыз жұмыс іс­тейтін опе­ративтік топ құ­руды тап­сырамын. Екінші, бір та­­­раптан жергілікті әкім-дік, басқарма басшылары, ек­ін­­ші тараптан зиялы қа­уым, белсенділерді тарта отырып, диалогтық алаң құрып, пікірсайыстар өт­кі­­­зуіміз қажет.                                                                                                      Үшінші мә­селе – қо­ғам­дағы тамы­рын те­рең­ге жайған жем­­қорлық індетімен кү­ре­­су мәселесі. Онымен күресу үшін ең алдымен, облыстағы үкіметтік емес ұйымдармен, азаматтық сек­­тор өкілдерімен бірге жұмыс істеп, анализ жасау, жоспар түзу қажет. Төртінші, партия азаматтардың өзек­ті мәселелерін шешуге, олардың әлеуметтік жағ­дайын түзеуге көмектесуі тиіс. Мысалы, халқы тығыз қоныстанған оңтүстік өңір­ден солтүстікке көші­ру бойынша «Еңбек» бағдар­ламасын қазір «Nur Otan» партиясының Түркістан об­­­­­лыстық филиалы жақсы насихаттауда. Осы бағыт­­­тағы жұмыстарды жалғастыру қажет.
Бесінші, партияда қарапайым ха­лықпен қатар кәсіпкер­лерге заң жүзінде кеңес беріп, олардың арыз-ша­ғымын тыңдайтын қоғамдық бизнес-қабылдау ашылуы қажет.
Алтыншы, облыстағы, аудандағы бұ­­­қа­ра­лық ақпарат құрал­­­­­да­ры мемлекеттің әлеумет­тік-экономикалық сая­­сатын дұрыс түсіндіруі, на­си­хаттауы, сонымен бір­ге өзекті мәселелерді де ашып айтуы керек, жазуы керек. Дегенмен, БАҚ жал­ған ақпарат тарату, бопсалаумен айналыспауы тиіс.
Жетінші, Елбасы тап­сырмасына сәйкес «Бо­ла­шаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» бағдарламалық ма­қаласы аясында «Ауыл – ел бесігі» жобасы біз­дің облыста қарқынды жү­зеге асуда. Биылдың өзінде 4 млрд. теңге кө­лемінде аудандарға қа­ра­жат бөлініп, тиісті жұ­мыстар басталып кетті. Осы халықтық жобаның жүзеге асуын партиялық бақылауға алып, сапалы орындалуын тапсырамын, -деді Өмірзақ Естайұлы.

“Қазақстан жолы” – ақпарат.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.