3 ЖОЛСЕРІК ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен жүзеге асырылған «Адал жол» жобасы аясында Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаменті мен облыстық көлік бақылау инспекциясының қызметкерлері және арнайы мониторингтік топ мүшелері бірлесіп бірнеше жолаушылар пойызында кезекті рейдтік іс-шаралар жүргізді.

Рейдтік шара барысында 6 билетсіз жолаушы, 271 техникалық бұзушылықтар анықталып, нәтижесінде заң бұзушылыққа барған жолсеріктерге 3 әкімшілік хаттама толтырылды.

Нақтылсақ, 6 билетсіз жолаушы №18ж/п Мәскеу-Бішкек бағытындағы пойызында анықталып, жолсерік А.Т.Мусакимовқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 623-бабының 3-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.

Келесі бұзушылық №55ж/п Көкшетау-Қызылорда бағытындағы пойыздында вагонаралық жарықтың істен шыққаны анықталып, механик Ж.Дауленовке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабының 4-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.

Келесі заңсыздық №22ж/п Қызылорда-Семей бағытындағы пойыздында салқын су резервуарларының істен шықаны анықталып, механик А.Қалменұлына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабының 4-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.

Естеріңізге сала кетейік, «Адал жол» Жобасы аясында Департаментпен жолаушылардың құқықтарын қорғау мақсатында бұл жұмыстар жүйелі түрде жүргізілетін болады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.