ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСЫН ӘШКЕРЕЛЕУГЕ ЖӘРДЕМДЕСКЕН 7 АЗАМАТҚА АҚШАЛАЙ СЫЙАҚЫ БЕРІЛДІ

Бүгін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің Тергеу басқармасының басшысы Жақсылық Сәрсенбек ағымдағы жылдың 6 айында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша брифинг өткізді.

Баспасөз жиынында жыл басынан бері Департаменттің Тергеу басқарамасының өндірісінде 147 қылмыстық іс болғандығы, оның ішінде 57-і ісі Агенттіктің Түркістан облыстық департаментімен тіркелгендігі және өндірісте болған істердің 79-ы аяқталып, оның 15 ісі негізінен қарау үшін сотқа жолданғаны атап өтілді.

Бұдан бөлек, брифинг барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1131 қағидасына сәйкес, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдескен 7 тұлғаға 1,3 млн. теңге көлемінде ақшалай сыйақы берілгендігі және Агенттіктің 1424 Call орталығына Түркістан өңірінен хабарласқан азаматтардың берген ақпаратына сәйкес, жедел жолмен анықтау арқылы 2 тұлғаның заңсыз әрекеті үшін қылмыстық іс тіркеліп, сотқа негізінен қарау үшін жолданғаны баяндалды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.