А.НҰРКИНА, Мәжіліс депутаты: …мамандардың басқа жаққа кетуiне соқтырады.

    Жоғары білікті жұмысшы кадрларын дайындайтын мемлекеттік колледждер жүйесі қажет. Өйткені жеке­меншік колледждерде бұл талап орындалмай жатады. Айталық қазір жекеменшік колледждердің әрбір бесіншісінде ғана шеберханалар, әрбір үшіншісінде ғана зертханалар бар. Бұл  –жекеменшік колледж бітірген мамандардың мемлекеттік колледждерді бітірген өздерінің құрдастарынан анағұрлым біліксіз болатынын көрсетеді. Соған қарамастан, көптеген аймақтардың әкімдіктері осындай мемлекеттік оқу орындарын бәсекелестік ортаға шығаруды қолға алып отыр. Колледждер жекеменшікке сатылғаннан кейін онда сабақ беретін мамандар азаматтық қызметкер ретінде алатын қосымша ақысынан айырылады және мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй алу мүмкіндігінен қағылады. Әрине мұның бәрі білікті мамандардың басқа жаққа кетуіне соқтырады.

«ЕҚ»

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.