Ай туралы қызықты деректер
Ғалымдардың болжамы бойынша, Жер ғаламшары басқа ғаламшармен соқтығысқанда, оның сынықтарынан Жерді айнала сақина пайда болған. Ал ол сақинадан кейін Ай түзілген.
Ай әрдайым жерге бір бетімен ғана қарап тұрады.
Жерден Айға дейінгі арақашықтық 384 мың шақырымды құрайды.
Айдың сыртқы қабатының салмағы жалпы салмағының 4 пайызынан аспайды. Ал Жердің сыртқы қабатының салмағы біздің ғаламшарымыздың жалпы салмағының үштен бірін құрайды.
Айға қонған американдық «Аполлон-6» Жерге Айдың 385 килограмм топырағын алып келген.
Айдың көлемі Жердің көлемінен шамамен 49 есе кішкентай.
Жердің бетінен қарағанда Ай мен Күннің көлемі бірдей болып көрінеді. Бірақ, Күннің көлемі Жерден шамамен 1,3 млн. есе үлкен.
Айда ауа болмағандықтан, онда ымырт болмайды, бірден түн қараңғылығы түседі.
Айдың көлеңкелі бетіндегі температура жарық түсетін бетіне қарағанда әлдеқайда төмен.
Ирландиядан табылған тасқа қашалған Ай бетінің ежелгі картасы осыдан бес мың жыл бұрын салынған.
Айға ең бірінші ұшырылған зымыран – кеңестік «Луна-2».
1969 жылы Айға ең алғаш табаны тиген адам – астронавт Нил Армстронг.
Айдағы тартылыс күші Жерге қарағанда алты есе төмен.
Айдың Жерге қараған бетінен біздің ғаламшарымыз тәуліктің кез-келген уақытында анық көрінеді.
Айда опат болған ғарышкерлерге арналған ескерткіш бар. Бұл – скафандрдағы адамды бейнелейтін биіктігі 10 см-лік алюминий мүсінше.
Айда да жер сілкінісіне ұқсас тербелістер болып тұрады. Бұл – біздің ғаламшарымыз бен Айдың арасындағы тартылыс әрекетіне байланысты туындайтын құбылыс.
Айдың диаметрі Жер диаметрінің төрттен біріне тең.
Астроном Юджин Шумейкер денсаулығына байланысты астронавт бола алмады, бірақ ол Айды зерттеуге көп үлес қосты. Сондықтан, ол өмірден озған соң, НАСА оның өтінішімен 1998 жылы мәйітінің күлін Айға жерлеген.
Ай тозаңынан күйген оқдәрінің иісі шығады.
Айда магнит өрісі жоқ, алайда Айдан әкелінген кейбір тастардың магниттік қасиеттері бар. Мұның сыры әлі күнге ашылмаған.
Ай Жерден жыл сайын төрт сантиметрге алыстап барады.