Әлемдегi ең кiшкентай адамдар
Конгодағы Итури провинциясының ормандарында өмір сүретін мбути тайпасы әлемдегі ең кішкентай адамдар саналады. Мұндағы адамдардың бойы 140 см-ден аспайды.
Бұл тайпа адамдарының заманауи өркениеттен ешқандай хабары жоқ. Олар тек бүгінгі тамағын тауып жеп, тыныш ұйықтап тұруды ғана ойлайды. Діндері басқа тайпа мүшелерімен үйленуге тыйым салады. Сондықтан, туыстық неке жиі орын алады. Бірақ, зерттеушілер олардан бойдың өсуін тежейтін ешқандай ауру таппаған. Дегенмен, негізінен аң-құстың еті мен жеміс-жидекпен күнелтетін мбути тайпасындағы адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы – шамамен 40 жас. Көпшілігінің ажалы тағы аңдар мен улы жыланнан келеді.