Әлемнің ең «ақымақ» заңдары
Новая Скотия провинциясында жаңбыр жауып тұрғанда бақшаны суғаруға тыйым салатын заң бар.
- Канаданың Квебек провинциясында сары түсті маргарин сату заңбұзушылық болып саналады.
- АҚШ-тағы Арканзас Ривер өзенінің Литтл Рок көпірінің ернеуінен жоғары тасуына заңды түрде құқы жоқ.
- Оңтүстік Кореяда жол полицейлері алған паралары жөнінде басшылыққа баяндап отыруға міндетті.
- Канаданың Альберт провинциясында түрмеден босатылған қылмыскерлер қаладан тез кетуі үшін астына ат, қолына оқталған тапанша беріледі.
- Айдахода түйенің үстінде отырып балық аулауға болмайды. Бұл – ауызсуды үнемдеу үшін қабылданған заң көрінеді.
- Небраска штатында киттерді аулауға тыйым салынған. Шын мәнінде, бұл аймақта кит тұрмақ, теңіз деген атымен жоқ.
- Айовада өрт сөндірушілер әрбір шақыру бойынша шығар алдында 15 минуттық жаттығу жасауға міндетті.
- Сент-Луиста өрт сөндірушілердің жалаңаш не түнгі көйлегін киіп үлгермеген әйелдерді құтқаруына тыйым салынған.
- Канаданың Итобикок қаласында ваннаға жуыну үшін 10 см-ден жоғары су толтыруға тыйым салатын заң бар.
- Майамиде дыбыстық сигнал орнатылмаған велосипедті айдауға болмайды. Ал ең қызығы, мұнда велосипедшілердің дыбыстық сигналды пайдалануына тыйым салынған.
- Аризонада кактусты шабу үлкен қылмыс саналады. Заңбұзушы бұл үшін 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
- Пенсильванияда бір үйде 16-дан артық әйелдің тұруына тыйым салынған. Ал ерлер жағы 120 адамға дейін бірге тұра алады.
- Алабаманың Джаспер қаласында күйеулері әйелдерін ұра алады, бірақ ұратын қаруының диаметрі әйелінің бас бармағының қалыңдығынан үлкен болмауы керек.
- Нью-Йоркте трамваймен қоян аулауға ресми түрде тыйым салынған.