ӘЛЕУМЕТТІ ӘУРЕГЕ САЛҒАН «TOLEM» КАРТАНЫҢ ТҮЙТКІЛІ КӨП

Мүмкін, көш жүре түзелер. Бірақ көштің алғашқы күннен түзу болғаны дұрыс емес пе?

Мегаполис атанған Шымкент қаласында қараша айының бірінші жұлдызынан бастап «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында қоғамдық көліктерде «Төлем» картасы іске қосылды. Халықты құлақтандырып, қашаннан бері «сүйіншілеген»

бұл төлем картасы іске қосылып, жол жүру ақысын қымбат қойғанмен, қазіргі күнге дейін әуресі көп, олқылығы басым. Бір айдан астам уақыттан бері сатылымға 500 теңгеден шығып,

«1 қарашадан бастап жаппай қоғамдық көліктерде төлем жүйесі енгізеледі» деген әдемі сөздер айтылғанмен, кейін тағы «Төлем» картасының дұрыс дайын болмауы салдарынан 9 қарашаға ауысқан еді. Әйтсе де, дайын болмаған, дұрыс саралаудан өтпеген тарифті 9 қарашада енгізіп жіберді. Айналып келгенде тағы да халық сорлады.

Көлік картасына ақша жүктеуде кедергі де бірқатар. Жұрт жүйені меңгере алмай жатыр ма, әлде Шымкент транспорт басқармасы асығыстық танытты ма? Жол жүрудің жаңа тарифі шымкенттіктерді әуреге салды. Жолаушылар 70 теңгемен жүретін «Tolem» картасын салып алғанымен, құрылғылар жұмыс жасамағандықтан, 100 теңге қолма-қол төлеуге мәжбүр. Егер құрылғылар мен аппаратта қиындық туындаса, қарапайым халық неге қалтасынан артық шығын шығаруы қажет? Әлде өздері қоғамдық көлікпен жүрмеген соң, жоғарыдағылар «екі қойың бір сом» деп қолын сілтеп отыр ма?!

Қоғамдық көліктерде кедергі көп. Қоғамдық көлікте қолма-қол ақша төлеп жүру ақысы қымбаттай сала көлік картасын сатып алуға ағылған жұрттың өкпелері қара қазандай болды. Өйткені:

– «Tolem» картасын төлейтін құрыл-ғы яғни валидатор жұмыс жасамайды;

– Валидатор жұмыс жасамаған соң, халық 100 теңге төлеуге мәжбүр, Транспорт басқармасы валидатор жұмыс жасамаса, қолма-қол 70 теңге төлеуге құқылысыз дегенді айтады, ал кондукторлар басқаша сөйлейді;

– Кондукторлар жолаушыларға қажетті ақпаратты жеткізе алмайды, олардың тарапынан әлі де болса қолма-қол ақшаға қызығушылық бар;

– Жұмыс жасамайды деген валидатор «Tolem» картасын тексеріп көрсе болды, ақша алып қалуда. Есесіне бір адам қолма-қол да, картамен де екі рет төлем жасауда;

– Мемлекеттік емес қоғамдық көлік жүргізушілері бұл жүйе бізге қатысты емес деп қарапайым жұртшылықтан 100 теңге талап етуде;

– «Tolem» туралы құлақтандыру жұмыстары дұрыс жүргізілмеген. Ешбір қоғамдық көлікте хабарландыру жазылмаған, кондукторлар тарапынан түсіндіру жұмысы жүргізілмеген, 70% шымкенттіктер «Tolem» картасы туралы жол ақысы қымбаттаған күні білген;

– Оқушылар мен студенттерге арналған телеграм бот әлі іске қосылмаған, халық арасында тағы да түсініспеушілік;

– Картаны валидаторға түйістірген соң, төлем жасалынуы үшін 10-12 секунд күтуге тура келеді, Ал Шымкенттегі қоғамдық көліктерде халық қарасы қаншама, оның әрқайсысы 12 секунд уақытты алса, қашан төлем жасап үлгереді? Ал әр автобуста бір ғана валидатор;

– «Tolem» картасы туралы кез келген сұраққа жауап беретін call центр номері 8-775-811-22-22 қоңырауды мүлде көтермейді. Сенбесеңіз, тексеріп көріңіз;

– «Tolem» картасының өзінің біразы жарамсыз, халық қайта Халыққа қызмет көрсету орталығына барып картасын ауыстыруға мәжбүрлі;

– «Tolem» картасының валидаторы қуаттағышқа тәуелді. Қуаты біткен соң, өшіп қала береді.

Түйткілі көп «Tolem» картаның әлегі осындай. Сараптау мен сүзгіден өткен дұрыс дүние халыққа ұсынылсын! Тексерілсін! Қашан құрылғылары жұмыс жасауға қауқарлы болады, сол кезде жол жүру ақысын қымбаттатсын! Карантин уақытында күнін әзер көріп жүрген қарапайым халықты қанау ғой бұл дегенің. Осындай шешімін таппаған мәселелердің кесірінен қоғамдық көліктерде күнде айғай-шу. Транспорт басқармасы халықты алаңдатқан сұрақтарға жауап берсе игі еді… Шымкенттіктердің басын ауыртып, әлекке салған «Tolem» карта тезірек шешімін табады деген үміттеміз.

Ұлжалғас Өскен.

 

 

Менде карта Ошибка деп шығып жатқанына уже бір апта болды. 9-на шешіледі деп еді, бүгін де солай, ОШИБКА деп шықты.

*   *   *

Неге бір автобуста тек бір терминал? Неге алдында, ортасында болмайды? Ужас кой… алдынан мінсең артына жүріп өту невозможна. Сәл ойланып қою керек қой қойғанда да…

*   *   *

Картамыз бар, бірақ әлі қолма-қол төлеп жатырмыз, істемей жатыр, қуып жатыр деп қолма-қол алып жатыр ақша. Ол іске қосылғанына енді бүгін 3 күн, қалай ол қуып істемей қалады.

*   *   *

Терминалда ошибка деп шығарғанда артық ақша алып қояды екен, 150-200 теңге. Бұны қалай түсінсек болады.

*   *   *

Оплачиваю картой, выдаёт ошибку, сразу деньги не списывает, плачу 70 тг, вечером смотря через Каспий баланс сняло 300 тг. Это какой-то бизнес у вас? Нафига такие карты нужны. Как за такси платишь с меньшим комфортом.

*   *   *

Берген аппараттарының зарядкасы жоқ. Өздерің зарядтап алыңдар дейді. Зарядкасы болған күннің өзінде 1-2 сағатқа қана жететін. Содан кейін шығар. Ортадағы валидатор істемей тұрған болса өте қиын. Картамен жүрген.

*   *   *

Неге тура Алматыдағыдай шығарса болмай ма, атын өзгертсе де картаны бассаң күтесің 10 секундтай. Ертең адам көбейгенде 10 адам басу үшін 100 секунд күтесін бе? Алматыда басасың, сразу ответы шығады.

 (Әлеуметтік желідегі қала тұрғындарының пікірі).

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.