«Алтын ғұмыр» республикалық байқауы мәресіне жетті

Қоғам қайраткері, тұңғыш қазақ тілінде жазылған заңның авторы, Қазақстан педагогика академиясының профессоры, ақын, сазгер, жазушы Әкім Ысқақтың шығармашылығына арналған «Алтын ғұмыр» республикалық байқауы  мәресіне жетті.

Екі кезеңнен тұратын байқау аясында жазушының туындыларына арналған шығармалар мен өлеңдер жинақталып, іріктеуден өткен 20-дан аса туындының үздіктері анықталды
Нәтижесінде «Үздік шығарма» номинациясына Түркістан облысының Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының баспасөз хатшысы Мадина Сабырды ұсынылып, Бас жүлдеге ие болды. Сондай-ақ,  «Үздік жыр» номинациясына астаналық Бекзат Ахмет, «Үздік видео туынды» номинациясына Батыс Қазақстан облысынан Айгүл Бауыржанқызы лайық деп танылды.
Байқауға қатыстырылған шығармаларды белгілі ақын — жазушылар сарапқа салып, туындылардың көркемділігі мен мазмұнына және сөздік қорды қолдану шеберлігіне мән берді.
Жүлдегерлерге арнайы алғыс хаттар мен қомақты ақшалай сыйлықтар тағайындалды.

Әкім Ысқақ — Бірінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті  Мәжілісінің  депутаты, тұңғыш қазақ тілінде жазылған «Халықтың көші-қоны туралы» заңының авторы, 1997   жылдың «Жыл адамы»,  қоғам қайраткері, Ордабасы, Сарыағаш аудандарының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері, республика білім беру ісінің үздігі, Қазақстан педагогика академиясының профессоры, мектеп оқулықтарына шығармалары енген, 30-ға жуық кітаптары жарық көрген, туындылары бірнеше тілге аударылған белгілі қаламгер, ақын, сазгер.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.