Аманғали БЕРДАЛИН, Мәжіліс депутаты: … 102 ауыл бойынша аталған жұмыстар басталмаған

Биыл 1 желтоқсандағы жағдай бойынша әкімдіктердің ақпаратына сәйкес, бөлінген 185 млрд теңгенің 153 млрд теңгесі игерілді. 127 ауылды орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау жоспарланса, іс жүзінде 97 ауылды ауыз сумен қамтамасыз ету күтілуде. 30 ауылда жоспар орындалмауы мүмкін. Бүгінгі күнге дейін іздестіру-барлау жұмыстары орталықтандырылған сумен жабдықтау құрылысы жоспарланған 37 ауылда жүргізілмеген. Іздестіру-барлау жұмыстары орта есеппен екі жылға жуық жүргізілетінін, сондай-ақ осы өңірлер бойынша құрылыстың нормативтік мерзімін ескерсек, 2025 жылы сумен жабдықтау қызметтеріне 100 пайыз қол жеткізілмейді деген қауіп бар. Құрылысы жоспарланып отырған 164 ауылда жобалаусметалық құжаттамаларды әзірлеуді 2023 жылдың соңына дейін аяқтау қажет. Қазіргі уақытта 62 ауыл бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатса, 102 ауыл бойынша аталған жұмыстар басталмаған.

jasqazaq.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.