ANTIKOR LIVE: ШЫМКЕНТТЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖАСАҒАН 49 АДАМ ӘШКЕРЕЛЕНДІ

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің а.ж. 9 айында атқарған жұмысының нәтижелері бойынша брифинг өтті.

Іс-шара барысында Департамент басшысы А.Жұмағали сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін 49 тұлға әшкереленгендігін атап өтті. Сотталғандар – 36.

Қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының айтуынша, параны жауапкершілікке тартпау, жұмысқа орналастыру, қызмет бойынша жалпы қамқорлығы, рұқсат құжаттарын бергені және т. б. үшін алуда.

Мәселен, ағымдағы жылы Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы әшкереленді. Ол оң сот шешімін шығару бойынша пара алғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотта тексеруші-мемлекеттік аудитор лауазымына тағайындау үшін 15 мың АҚШ доллары сомасында заңсыз сыйақы алды деген күдікпен қалалық ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысына қатысты қылмыстық іс қаралуда.

Қабылданып жатқан шараларға қарамастан білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлық фактілері орын алуда. Екі жалпы орта мектеп директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мәселен, Департаментпен №34 орта мектеп директорына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды.Ол қамқорлығы үшін өз қарамағындағы қызметкерлерден бірнеше рет пара алған және жымқырған деп күдіктелуде.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлерінің қатысуымен бірқатар парақорлық фактілері анықталып, 10 тәртіп сақшылары қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.