АРЫС ҚАЛЫСАНДА 6,5 МЫҢ ОТБАСЫ ЖӨНДЕЛГЕН ҮЙЛЕРІНЕ КІРДІ

Арыс қаласында 6,5 мыңнан астам тұрғын үй қалпына келтірілді.  Бір айдан бері  құрылыс жұмыстары қызу жүргізілуде. Қаланы қалпына келтіруге 10 мыңнан астам құрылысшы атсалысты. Бүгінгі таңда Арыс қаласындағы құрылыс жұмыстарының 90%-дан астамы аяқталып отыр. Атап айтсақ,  оның ішінде, тіршілікті қамтамасыз ететін нысандар мен инфрақұрылымдары қалпына келтірілді. Бүгінде 6,5 мыңнан астам тұрғын үй қалпына келтіріліп, 6,5 мың отбасы жөнделген үйлеріне кірді. Барлық инженерлік инфрақұрылым толық жөндеуден өткізілді. Көшелер ауқымды түрде реконструкцияланды. 62 әлеуметтік нысан, соның ішінде – ауруханалар, мектептер, балабақшалар, спорт объектілері 20 тамызға дейін дайын болады.

Қазіргі таңда зардап шеккен 7516 бір қабатты жеке үйлердің 6611-і немесе 90 пайызы  жөндеуден өткізілді. Қалған 905 бір қабатты жеке үйлерді жөндеу жұмыстарын 10 тамызға дейін аяқталады. 67 көпқабатты үйлерді қалпына келтіру бойынша жұмыстарды 20 тамызға дейін аяқтау жоспарлануда. Барлық 66 әлеуметтік нысанды қалпына келтіру жұмыстары 20 тамызға дейін бітпек. Осыған орай, Штабтардың жұмысы 20 тамызға дейін жалғасады.

Айта кетейік, Арыс қаласын қалпына келтіруге барлық өңірлер, сондай-ақ республикалық маңызға ие қалалар да өз үлесін қосып жатыр.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.