Астрология туралы қызықты деректер
* 20 наурыз – бейресми түрде атап өтілетін халықаралық астрология күні. Өйткені, дәл осы күні күн мен түн теңесіп, жаңа астрологиялық жыл басталады.
* Астрология ең алғаш біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырда Месопотамия қаласында пайда болған.
* Барлық дерлік елдерде астрологияны жалған ғылым санайды. Тек Үндістан, Франция және Украинада ғана ол ресми ғылым ретінде танылған.
* Астрологияны дүмшелік деп санайтын көптеген ықпалды адамдар шын мәнінде жұлдыз жорамалға имандай сенеді.
* Әрбір елде жұлдыз жорамал жасаумен айналысатын шамамен 6-7 мыңдай астролог бар.
* Қазіргі Ирактың қираған аумағында бұрын Вавилон қаласы болған. Осы жерден өте ежелгі сына жазулы жұлдызнама табылған. Онда біздің дәуіріміздің 410 жылына дейінгі ақпарат қамтылған.
* Нострадамус жақсы дәрігер болған, бірақ оның атын шығарған – астрологияның көмегімен жасаған болжамдары.
* Галилео Галилей астроном болғанға дейін жұлдыздарды бақылап, астрологиялық болжамдар жасаумен айналысқан.
* Үндістанда бірде-бір той-мереке не басқа да маңызды шаралар алдын-ала астрологиялық есептеусіз өткізілмейді.
* Кез-келген дін көріпкелдікке тыйым салады. Дегенмен, көптеген Рим Папалары астрологтармен тығыз байланыста болған. Көптеген монархтар да маңызды шешім қабылдарда астрологтардың көмегіне жүгініп отырған.
* Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Адольф Гитлер Еуропаның ең мықты астрологтарының қызметін пайдаланған.
* Ежелгі Қытайда император жұлдызнама жасап, болашаққа болжам жасай алуға міндетті болған.
* Астрологтар болжам жасағанда Айдағы өзгерістерге көп назар аударады. Ай адамға да, мұхитқа да бірдей әсер етеді. Себебі, біздің ағзамыздың 75 %-ы судан тұрады.
* Бастапқыда жұлдыз жорамалды ауылшаруашылық дақылдарын отырғызуға қолайлы күнді анықтау үшін жасаған.
* Қаншама болжамдардың орындалғанына қарамастан, астрологияның нақты ғылым еместігін кәсіби астрологтардың өзі де мойындайды. Себебі, аспан денелерінің қай уақытта қандай мінез шығаратынын және оның адамға қалай әсер ететінін үнемі тап басып айта беру де мүмкін емес.