«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН САЙЫСҚА ТҮСТІ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК қызметкерлері  арасында шахмат, дойбыдан турнир өтті.

ҚР Тәуелсіздігі күніне орай ұйымдастырылған сайыстың мақсаты  —  еліміздегі бұқаралық спортты кеңінен насихаттау, мекеме қызметкерлерінің интеллектуалдық танымын арттыру және салауатты өмір салтына баулу болып табылады.

Қорық-музейдің 20 — 63 жас аралығындағы қызметкерлері қатысқан жарысқа музей  қызметкерлері және қалалық Балалар мен жасөспірімдер орталығының шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ үйірмесінің мамандары қазылық жасады.

Спорттық сайыстың жеңімпаздарын  «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК директоры Нұрболат Ахметжанов арнайы алғыс хат және ақшалай сыйлықтармен  марапаттап, қорық-музей жұмысын жандандыру жолында өзіндік елеулі үлестерін қосумен қатар салауатты өмір салтын насихаттау бағытында қолға алынған шараға да белсенділік танытып, қарым-қабілеттерін көрсете білген барша қызметкерлерге  алғысын білдірді.

Алдағы уақытта музей қызметкерлері арасындағы спорттық жарыстар футбол, волейбол, баскетбол сынды ойындармен жалғасын табады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.