«BAQYLA» ҚОҒАМДЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ САЙЛАУДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТПАҚ

«BAQYLA» қоғамдық қозғалысы алдағы Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы қарсаңында елдің барлық өңіріндегі бақылаушыларды даярлау курстарын ұйымдастырады.

Науқан кезінде түсінпеушілік пен заң бұзушылықтар орын алмас үшін дайындықты осы бастан пысықтаған жөн-дейді қоғамдық қозғалыс өкілдері. Тұрғындар сайлауды бақылауға қатысу арқылы өздерінің азаматтық көзқарасын қалыптастырады. Біз былтыр президент сайлауында 27 қалада дауыс беру барысын  қадағалау жұмысын жоғары деңгейде жүргіздік. 19 наурызда да белсенділік танытатын боламыз. Яғни сайлау күні «BAQYLA» қозғалысы елдегі барлық сайлау учаскелерінен жағдайды баяндап, сағат сайын брифингтер өткізеді. Өңірлерден онлайн трансляциялар ұйымдастырады, әлеуметтік желілерде посттар мен видеоларды жариялайды,-дейді мамандар.

Дос Көшім, саясаткер, оқытушы:

— Біздер 1999 жылдан бастап сайлауды бақылаумен айналысып келе жатырмыз. Қазір 25 жылдай жүріппіз. Біздер арнайы блакнот дайындаймыз әрбір бақылаушының қолына. Ол жерде не мәселеге көңіл бөлу керек? Оған қалай реакция жасау керек? Қалай акт толтыру керек олардың бәрі бар. Онымен қоса практикалық жұмыс өткіземіз біздер. Мысалы, дауыс санау кезінде әр адам қалай отырады, қайда отырады мұншама нәрсе істейді. Бүкіл осының бәрін жақсылап меңгеріп алғандар ғана жақсы бақылаушы болады.

24.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.