«БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА- ТАТУЛЫҚ ПЕН БЕРЕКЕ»

Қазақ ұлтының тағдыры тауқыметке толы болғаны тарихтан аян. Алайда, өз тағдыры қыл үстінде тұрғанда, қазақ халқы қаны бөлек, жаны жат басқаны да құрдымға кетуге жол берген жоқ. Президентіміз Н.Ә. Назарбаев еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдарынан бастап, біздің көпэтносты еліміздегі татулық пен келісімді сақтауға, дамытуға, қауіпсіздігі мен бейбітшілігін қорғауға бар күш-жігерін салып, этносаралық және конфессияаралық тұрақтылық пен ынтымақты, келісім мен саяси тұрақтылықты сақтау ісіне, жіті көңіл бөліп келеді. Келес ауданы әкімдігінің қолдауымен аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Бір шаңырақ астында- Татулық пен береке» атты этнос өкілдері арасында іс-шара өтті. Мерекелік іс-шараны Келес аудан әкімі Есбаев Ақментай Үсенұлы ашып беріп, концерттік бағдарлама аяқталған соң қатысушыларға «Алғыс хат» және сыйлықтар табыстады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.