Д.АБАЕВ, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі: Журналистердi даярлау жүйесi өзгередi
Мен бұл мәселені өзім де байқап жүрмін. Журналистика саласында білім беру сапасына қатысты көптеген сұрақтар туындап жатыр. Негізі, бәрі орынды. Университеттерде сабақ беріп жүрген журналистика кафедраларымен бірге осы саладағы басшыларды біріктіріп, бұл жұмысты нақты бір жүйеге келтіруміз керек. Біз оны қолға аламыз. Оған уәде етемін. Жылдың соңына дейін осы мәселеге қатысты нақты бір хабар береміз деп ойлаймын.
Бізге сапалы журналистика қажет. Ал сапалы журналистикаға сапалы ұстаздар қажет, сапалы әдістеме болуы керек. Журналистердің саны аз болсын, бірақ сапасы жоғары болғаны дұрыс. Әрине, басқа салада жүрген дарынды журналистер де бар. Жазуы да, стилі де жақсы. Ондай мамандарды ортақ жұмысқа тарту қажет.
qazaquni.kz