Д.ИСАБЕКОВ: Мейiрiмсiздiк, қатiгездiк белең алып барады

Біз көптеген ұлттық қасиеттерімізден айырылып барамыз. Соның бірі – имандылық. Адамды адам етіп, қоғамды қоғам етіп ұстап тұратын арқау, ол – имандылық. Өмірді өрмек дейтін болсақ, имандылық сол өрмектің қайта-қайта айналдырып отыратын арқауы. Арқау болмаса, өрмек қалай тоқылады? Сол имандылық – адамдардың кісілігі еді, азаматтығы еді, қарызы еді, парызы еді. Сол қарызың да, парызың да ұмытылып барады.

Оған себеп – мына капиталистік кезең, дүние қуған заман. Қай заманда көріп едік, әкесі мен баласының соттасып жатқанын. Қай заманда көріп едік, атасының жанында келінінің жартылай жалаңаш отырғандығын. Қазақтың баласын шет елге сатқанды қашан көріп едік?! Оң босағада отырып, қыздың екіқабат болып, баласын көшеге тастап кеткенін қашан көріп едік?! Мейірімсіздік, қатігездік белең алып барады. Ағайын мен ағайынның арасындағы адамгершілік дорбаға қатысты болып қалды бүгінде.

 «Т»

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.