Еділ МАМЫТБЕКОВ, Сенат депутаты: … объективтілік пен әділдік жоқ

Сіздер білесіздер, бір айдан астам уақыт бойы отандық БАҚ пен шетелдік ұйымдар қазақстандық вице-министрдің плагиатын талқылап жатыр. Қазір әлемде мойындалған екі антиплагиаттық жүйе басқа біреудің ғылыми жұмысын пайдалану фактісін растап отыр.

Ғылыми ұйымдар арасында қаржыны бөлу кезінде түйткілді мәселелер орын алып жатыр. Қазір елімізде ешқашан еш жерде қолданысқа енгізілмейтін жобаларға қыруар қаржы бөлінеді. Ал құнды, қоғамға пайдасы бар жобалар назардан тыс қалады, немесе бөлінген ақша оны сапалы жүзеге асыру үшін мардымсыз.

Басқаша айтқанда, бізде ғылымды басқаратын өкілетті органда объективтілік пен әділдік жоқ.

“Жалған ғалым” деп айыпталған вице-министр әлі де өз қызметінде жүр.Неге әлі күнге дейін кадрлық шешім қабылданған жоқ? Ғылыми қоғам мен жоғары білім жүйесін өзге елдер алдында Қазақстанның беделін түсірген лауазымды тұлғаның масқарасынан құтқаруды талап етеміз.

sputniknews.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.