Еділ Жаңбыршин, Мәжіліс депутаты: Тізе берсек жағымсыз проблемалар жеткілікті

Шахтадағы трагедия. 3 қарашада Қарағанды облысындағы шахтада қаралы оқиға болып, 5 шахтер қаза болды. Имандары саламат болсын бауырлардың! Төтенше жағдай министрінің мәліметіне сүйенсек, Ленин атындағы шахта 1964 жылы пайдалануға беріліп, бірнеше қазалы оқиғалар орын алған. 1978 жыл – 4 адам қайтыс болған; 1985 жыл – 2 адам қайтыс болған; 1995 жыл – 13 қайтыс болған, 2 жарақат алған; 1998 жыл – 1 адам қайтыс болған; 1999 жыл – 3 адам қайтыс болған, 2 жарақат алған; 2006 жыл – 41 адам қайтыс болған. Жалпы өндірістегі қайғылы жағдайлардың орын алуы не себептен? Өндірісте ескі технологиялардың қолданылуы; технологиялық ережелердің бұзылуы; қауіпсіздік ережелердің сақталмауы немесе бұзылуы; техникалық жабдықтар мен аспаптарды пайдалану ережелерінің бұзылуы және т.б.

Шетел инвесторлары елді көркейтеді, әлеуметтік мәселелерді шешеді, жаңа технологияларды әкеледі, техникалық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, мамандарымызды дайындайды деп, әлемде қандай байлар бар, бәрін тарттық Қазақстанға. Енді не болды? «Шеврон» келді, экология салдарынан Сарқамыс ауылын Атырауға көшірдік. Қытай компаниясы «СНПС» келді, стратегиялық ауыз су қоры бар «Көкжиде» кен орнын бүлдірді, мұнай өндіріп жатырған өлкелердің экологиясы одан түзелген жоқ. Қаржыны компанияға салмай үнемдеп өліп бара жатыр және жұмысшылардың еңбек ақыларын төмендетеді. 1995 жылы бизнесмен Миталл келді, Қарағанды облысы қайғылы оқиғалар мен экологиялық проблемалардан көз ашпады. Тізе берсек шетел инвесторларының артында жағымсыз «шлейф» проблемалар жеткілікті.

adyrna.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.