Кәрібай Мұсырман, Мәжіліс депутаты: … бюрократиялық бөгесіндерді болдырмауы керек

Солтүстік-қазақстандықтардың саны соңғы 20 жыл ішінде 160 мың адамға кеміп, қазір небәрі 547,7 мың адам болып отыр. Ал шығысқазақстандықтардың саны 20 жылда 139 мың адамға кеміп, бүгінде 1369,1 мың адам болып отыр. Бұл екі өңірге көшіп келушілерден көшіп кетушілер көп.

Шығыс Қазақстан облысында қоныс аударушыларды қабылдау туралы жалған құжат жасап, миллиондаған теңге мемлекет қаржысын жымқыру фактілері әшкереленді. Осыған орай, қабылдаушы өңірлердегі жұмыс берушілердің қоныс аударушыларды қабылдауына және олардың шарттық міндеттемелерін орын-дауына жүйелі мониторинг жүргізген жөн.

Бұдан бөлек, қоныс аударушылар тұрақты тіркеудің машақатын көріп жүр. Атап айтқанда, олар өз отбасыларына мемлекеттік бюджеттен бөлінген материалдық көмек қаржысына тұрғын үй сатып алуларына болады. Алайда, олар өздері барған өңірде тұрақты тіркеуге тұрмаса, аталған қаржылай көмекті ала алмайтын болып шықты. Парадокс: тұрғынжайың болмаса, қайда тұрақты тіркеуге тұруға болады? Ал қаражатың болмаса, тұрғынжайды қалай сатып аласың?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қоныс аударушылардың көшіп барған өңірлеріне тезірек бейімделуіне теріс әсерін тигізіп отырған осындай бюрократиялық бөгесіндерді болдырмауы қажет.

Abai.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.