ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДАҒЫ ДІНИ АХУАЛҒА ТАЛДАУ, ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен құрылған терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы діни ахуалға талдау жасау және қалыпқа келтіру бағытындағы жұмыс тобы Қазығұрт ауданында болды.

Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары Серік Тұрсынқұловтың төрағалығымен жиын өтіп, жұмыс тобының мүшелері: Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі — Түркістан облыстық терроризмге қарсы комиссия аппаратының жетекшісі Илхам Абулхайров, Түркістан облыстық дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, аудан әкімдігі жанындағы ТҚК жұмыс тобының мүшелері, ауданның дербес бөлім басшылары және жауапты мамандар қатысты. Отырыста оңалту жұмыстарының барысында туындап жатқан мәселелер талқыланып, сонымен бірге мекемелер арасындағы байланысты нығайту мақсатында тиісті әдістемелік көмектер пысықталды.

Сонымен қатар іс-сапар барысында аудандағы ҚМДБ мешіт имамдарымен кездесіп, діни ахуалға мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Қазығұрт ауданындағы дін саласында кездесіп жатқан мәселелермен танысып, оны шешу жолдары бойынша нұсқамалар беріліп, діни радикализмнің алдын-алу бойынша қарсынасихаттық жұмыстарын жандандыру талқыланды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.