Көңілбай Шүкенов, меценат: Не деген бағдарлама бұл?

Жалпы, мемлекеттік бағдарламалар халықты жарылқаса, әлдеқашан жарылқайтын уақыты болды ғой. Бізде отбасылық институттар ақсап жатыр. Адамдар материалдық жағдай жасалмағандықтан, көптеген отбасы ажырасып тынып жатыр. Иә, бізде сан түрлі мемлекеттік бағдарлама бар. Алайда, олардың біразының саясаты дұрыс емес. Мәселен, «Бақытты отбасы» деген бағдарламаны алайық. 2 пайыздан басталатын несиемен үй береміз дейді. Бірақ ол үшін банкке барып, әкімдікке сандалып, кезекке тұру керек. Олар кезекке тұрып келеді, тіпті алғашқы жарнасын да төлеп қояды, кейде тіпті тағы да толып жатқан құжаттарды өткізеді.

Ал соңында үй «жағдайы жоқ, толық емес отбысына берілетіні» белгілі болады. Содан адамдар амалсыз, «толық емес» деген мәртебені алу үшін құжат жүзінде ажырасып кетуі керек пе?. Тіпті дәл солай ажырасқандар да бар. Яғни, үйді он, он бес жылға несиеге алу үшін ажырасып кету керек. Не деген бағдаралма бұл? Бұл бағдарламаны жасаған адамды халық жауы деп тануымыз керек.

Бізде жалақы үй мен көлік алуға жетпейді. Неге? Өйткені сізге жетпейтіндей қылып есептеп қойған. Сіз несиеге кіруіңіз керек. Банкке барып несиемен үй алғаннан кейін, жасыңыз 25-те болса, төлеп біткен кезде 50 жасқа келесіз. Сонда үйді төлеп біткен кезде, жалындаған жастық шағыңыз өтіп кетеді. Одан кейін айнаға қарасаңыз сіз мүлде басқа адамды көресіз. Біз бұл дүниеге несие төлеуге келдік пе? Өмір сүруге келдік пе?

Caravan.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.