ҚҰРҒАҚ «ПИАР» ҚАЛҚАМАНОВҚА ҚАШАНҒА ДЕЙІН «ҚАЛҚАН» БОЛАР?

С.Қалқаманов журналист мамандығын алған 18 жылдың 16 жылында БАҚ-қа қатысты салада қызмет істеп келіп, осыдан бір жыл үш ай бұрын шағын мемлекеттей халқы бар оңтүстік өңірінің идеология саласының тізгінін ұстап шыға келді.

Есімдері елімізге танылған идеологияның саңлақ сардарлары Д.Мыңбай, Ә.Бектаев, Ұ.Сәдібековтер салған сара  жол жыл өтпей жатып жүріп келе жатқан жолынан жаңылғандай болып шыға  келді. Облыстың аумағында бұрын бұл саладағы жарқын істер кең қолдау тауып, оны өміршең ету ерекше ықыласпен жүргізіліп жататын.

Облыстың «бас идеологы» С.Қалқамановтан ел-жұрттың күндіз-түні естігені әлеуметтік желіні дамыту, «сайтты» көбейтіңдер болып кетті. Қазір біздің оқитынымыз – фейк ақпараттар, небір бейауыз жазбалар, БАҚ өкілдерінің өздерінің де бір-біріне айтпайтыны жоқ.

Рухани азық беретін құралдарымыздың беті былғанып бітті. Сайттардың беті мазмұнсыз, мағынасыз жазбалардан құралса, екінші жартысы шенеуніктердің мекемелерге, жұмыс орындарына барып шығуын көрсететін бейне- сюжеттермен толып тұратын болды. Облыстың «бас идеологының» осындай келеңсіздіктерін көрген бір әріптесіміз С.Қалқамановтың жүріс-тұрысына қарап, сәулет, құрылыс, архитектура салаларын басқаратын болған ба деп таңданады. Жеке парақшасында да Қалқамановтың осындай қаптаған суреттері. Сонда облыс тынысының барлық саласын басқаруды бір өзі қолына алғандай болып жүрген ол өзінің «беделін» осылай  көтеріп жүрмін деп ойлай ма екен?

«Бас идеолог» оңтүстіктің оқушы балалары күле қарайтын «арзан пиарға» уақытын алып жүргенде, облыстың білім саласына қатысты республикаға тараған келеңсіз әңгіме-жыр оны ойландырмаған ба?

Қай басшылық қызметке бармасын жарқын істерімен жарқ ете қалатын Ө.Шөкеев 2006 жылы оңтүстікке келгенде өзінің «командасына» Астанадан, министірліктен Тамара Дүйсенова мен А.Мамытбековті, ал ауданнан Дархан Мыңбаевты алдырып, елге қызмет етудің үлгі-өнегесін көрсетіп еді.

Ал, қазіргі орынбасары С.Қалқамановтың «не мясо, не рыба» тірлігіне қараған жұртшылықтың түсінбей жүрген бір сауалы бар сияқты.

Тіпті, өзінің мұрнының астында тұрған 70 жылдық тарихы бар, мүмкіндігі шектеулі балалардың мектеп-интернатының басы дауға қалғанда басшыға тән байыптылық таныта алмаған С.Қалқамановтан үмітін үзгендер аз болмады. С.Қалқамановтың басшылық қызметінде «өзімбілермендікке» кетіп қалғаны байқалады. Ол үшін жұртшылықпен атқарылатын жұмыстарға түрлі сараптамалар жасатқызып, қалың елдің пікірлерін ескеру ұмыт болғандай. Тек оның өзі біледі, өзі шешеді. С.Қалқамановтың қарамағындағы басқармалардың тынысына үңілсеңіз, оның «құдіретін» айқын аңғаратынымыз анық.

 Ә.Мұратбеков.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.