ҚҰРМЕТТІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ! ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!

Өздеріңізге белгілі, қазір Қазақстанның бірқатар өңірлерінде төтенше жағдай жарияланған.

Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодарда областарында су тасқыны болды.

Мемлекеттік органдар өз өкілеттіктері аясында және су тасқынына қарсы іс-қимыл жөніндегі нормативтік құқықтық актілерге сәйкес су тасқынының зардаптарын жоюға және жаңа су тасқынының алдын алуға бар күш-жігерін салуда.

Жағдай Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке бақылауында. Зардап шеккендерге гуманитарлық, қаржылық көмек және психологиялық қолдау көрсетіледі.

Сонымен қатар, табиғи апаттар орын алып, соның салдарынан дүние-мүлкінен, үйінен, малынан айырылғандарға, зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсету әрқайсымыздың парызымыз.

Біз бизнес қауымдастықтарды, шағын және орта бизнес өкілдерін отандастарымызға көмек қолын созуға шақырамыз.

Қайырымдылық алаяқтардың қолына түспей, зардап шеккен әрбір отбасына дер кезінде жетуі үшін қаржы ресурстарын «Демеу Қазақстан Қоры» ресми Корпоративтік қорына жіберуді сұраймыз.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.