М.Бақтиярұлы, Сенат депутаты: Жер – кез-келген мемлекеттің негізі
Бірнеше ғасырлар бойы отарлау саясатының зиянын тартқан қазақ халқы шет елдіктерге жерді жалға беруді қабылдай бермейтіндіктеріне көзіміз анық жеткендей болды. Осы бір көңіл ауаны ескеріліп, жерді сауда мен саясаттың құралына айналдырмауымыз керек.
Жер тағдырына халық алаңдап отыр. Жер халықтың ортақ байлығы, ол жекешеленбейді, сатылмауы керек деген ой-пікірлер бұрын да, қазір де айтылып келеді. Жерді пайдаланудың осы кезге дейін қолданып келе жатқан жалға беру түрін ғана негіз етіп алуымыз дұрыс болады деп есептеймін. Оның жалға беру тетіктерін жетілдіруіміз қажет.
Abai.kz