МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА ӘДЕП ЖӨНІНДЕ СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

Түркістан облысы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Әмірдин Әлішев Мақтаарал ауданына арнайы іс-сапармен келіп, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерімен семинар-кеңес өткізді. Ондағы мақсат – Әдеп кодексі заңнамаларын сақтау және мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру мақсатында пікір алмасу болатын.

Аудан әкімі Бақыт Асанов төрағалық еткен жиынға аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрбол Саттаров, аудан әкімінің кеңесшісі Мұрат Айдарбеков, аппараттың бөлім басшылары мен мамандары, дербес бөлім басшылары және кенттер мен ауылдық округтің әкімдері қатысты.

Жиын барысында Әмірдин Мұхиденұлы жергілікті атқарушы органдарда Әдеп кодексі талаптарының орындалу барысы және анонимді сауалнаманың қорытындысы туралы сөз сөйледі. Сондай-ақ, жиын барысында мемлекеттік қызметкерлердің қоғамдағы беделін арттыру, қызмет барысындағы қарым-қатынас мәдениетін сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік мәдениетін қалыптасыру бағытында келелі әңгімелер айтты.

Жиын соңында Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметкерлерді жеке қабылдап, түрлі өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.