МАҚТААРАЛДА ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Мақтаарал ауданының әкімі, аудандық Төтенше жағдайлар режимін қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның төрағасы Бақыт Асановтың тапсырмасымен адам көп жүретін қоғамдық орындар мен көшелерде коронавирусқа қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүріп жатыр.

Жалпы бұл жұмыстарды жүргізуге 10 қызметкер жұмылдырылған. Қазіргі таңда Мырзакент пен Атакент кентіндегі саябақтар, гүлзарлар, базарлар мен басқа да қоғамдық орындар күніне  рет залалсыздандырылуда. Сондай-ақ, адам көп жүретін көшелер мен аяқжолдарда да осындай жұмыстар жасалуда.

Аудандағы кафелер мен асханалар, супермаркеттер мен азық-түлік дүкендері, автобекеттер сияқты т.б. кәсіпкерлік нысандарда кәсіпкерлердің өз есебінен залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Оларды аудан әкімдігі қатаң бақылауға алып, күн сайын мониторинг және рейд жұмыстарын өткізуде.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.