Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасы: Мұндай үрдісті өзгерту қажет

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан қолжетімді баспана құрылысында бірқатар кемшіліктер бар. Бағдарламаны іске асыру кезінде әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға арналған жалдамалы баспана құрылысы көзделген көрсеткіштің 50 пайызына да жетпегені белгілі.

Бұл біріншіден, жоспардың дұрыс жасалмағанын көрсетеді. Яғни, алдын ала сараптамалар тиісті деңгейде жүргізілмеген. Екіншіден, мониторингтің әлсіз болғанын білдіреді. Мұндай әлеуметтік маңызы бар істе бақылау тұрақты әрі кешенді түрде жүргізілуі керек. Үшіншіден, сапа мәселесі. Үйдің бағасын арзандатамыз деп сапа жағын төмендетіп алдық. Осыған орай халық тарапынан да наразылықтар туып жатады. Мұндай мәселелерді шешу үшін жүйелі жұмыс жүргізу керек.

Бес жылдың ішінде республикалық бюджеттің шығыстары 2 есеге дейін өскен. Мұндай үрдісті өзгерту қажет. Біз қарыздарды көбейте бермей және болашақ ұрпақтың қорын ысырап етпей, «қалтамыз» бен мүмкіндігімізге қарай өмір сүруіміз керек.

dalanews.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.