МӘЖІЛІСМЕН «3-ЭНЕРГООРТАЛЫҚ» АҚ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚР Мәжіліс депутаттары 2024 жылдың алғашқы жұмыс күнін өңірлерге іс-сапарынан бастады. ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Болатбек Нажметдинұлы Еңбекші ауданына қарасты бірнеше мекемеде болып, тұрғындармен кездесті. Соның бірі «3-Энергоорталық» АҚ шаһардағы басты жылу шығаратын мекеме. Негізгі қызметі жылу мен электр қуатын өндіру. Қазіргі таңда ЖЭО электр қуатын ҚР бірегей энергосистемасына береді. Жылу энергиясын ГКП “ҚуатЖылуОрталығына” береді. Қаланың 70-75% жылумен қамтамасыз етеді.

Аталмыш орталық мамандарының айтуынша өткен жылу маусымында ешқандай технологиялық ақаулар болмаған. Турбогенератордың бірі жаңғыртылып, үш бірдей жылу қазандығы кезеңімен жөнделуде. ЖЭО жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті материалдармен қамтамасыз етілген.

Бас инженер Ерботаев Жансерік Шымкент қаласында алдағы күзгі-қысқы кезеңнің уақтылы дайындығын және тұрақты өтуін қамтамасыз ету үшін негізгі жабдықты жөндеудің бекітілген кестесіне сәйкес барлық жоспарланған жөндеу жұмыстары орындалғанын жеткізді. Еңбек ұжымы халық қалаулысымен кездесуде жалақы мәселесін де көтерді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.