МЕКТЕПТЕР САНЫ АРТУДА
«AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасында білім беру саласындағы басым бағыттарға айрықша көңіл бөлінуде. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында сапалы білім әр баланың мызғымас құқығы, осыған сәйкес білім сапасы еңбек нарығының сапасына байланысты тұтастық қажет екенін айтқан болатын.
Осы салаға жауапты орталық мемлекеттік ведомстволар Мемлекет басшысы Жолдауда міндеттеген тапсырмалар мен партиямыздың сайлауалды бағдарламасында қамтылған бастамаларды жүйелі жүзеге асыруы өзекті. Ең бастысы, Президент айтып өткендей, еліміздегі білім беру жүйесі еңбек нарығының сұранысына қарай өзгеріп отыруы тиіс. Қазақстанда сапалы әрі мазмұнды білім жүйесі жолға қойылуы керектігін тілге тиек етті. Міне, жыл бұрын айтылған міндеттер бүгінде сәтті іске асырылуда.
Биыл білім күні қарсаңында үшінші шаһарда жиырмаға жуық білім мекемесі пайдалануға берілген болатын. Атап айтар болсақ, №2 Talant, Seitzhan School, Abylaikhan innovative school, «Жас түлек» бастауыш мектебі, «Bilim-orda» дарын мектебі, «Сұңқар» орта мектебі, «Жас балғын», «Шаңырақ» бастауыш мектептері алғашқы оқушыларын қабылдады.
Сайлауалды бағдарлама аясында 2025 жылға дейін шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда бас-аяғы 3 мың мектепті жаңғырту жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, биыл 500 мектепте бейнебақылау камераларын, турникеттер, дыбыстық ескертулер және дабыл түймелерін орнату арқылы қауіпсіздік жағдайы жақсартылды. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, «AMANAT» партиясы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі республикалық кеңестің төрағасы Динара Зәкиева балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін партиялықтар барлық өңірде мектептерге тексеру жүргізетінін атап өтті.