МЕМЛЕКЕТТІК ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНАН ТҰРҒЫН ҮЙДІ БӨЛУ КЕЗІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Бұл саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері Кентау қаласы әкімдігінің Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы, сондай-ақ Құрылыс және сәулет бөлімдерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу кезінде анықталды.

Іс-шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Ғ.Асанұлы, Кентау қаласының әкімі Д.Мақажанов, дербес бөлім басшылары, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын-үй инспекциясы мен сәулет және құрылыс бөлімдерінің қызметкерлері, арнайы мониторингтік топ мүшелері мен ауыл әкімдері, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

Жүргізілген талдау тұрғынжайға мұқтаждарды есепке алудың бөлек тізімдерінің, тұрғынжай алған адамдардың тізімдерінің, сондай-ақ соңғы жиырма төрт ай iшiнде тұрғын үй алған адамдардың тiзiмi мерзімді баспасөз басылымдарда және жергілікті атқарушы органның интернет-ресурстарында мүлдем орналастырылмағандығын көрсетті.

Сонымен қатар, қолданыстағы Заң талаптарына сәйкес мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтарға тұрғынжай барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген кезден бастап, тiзiмдерде белгiленген кезектілік тəртібімен берiлетіндігін ескерсек, бұл талаптар толығымен орындалмағандығын байқатып отыр.

Талдау барысында ұсынылған ақпаратты зерделеу нәтижесінде тұрғын үйлерді беру кезінде тiзiмдерде белгiленген кезектілік тəртібінің сақталмауы бойынша өтініштері жоқ, сәйкесінше кезектілікке тұрмаған азаматтарға пәтерлер беру деректері анықталды.

Аталған жағдайлар қолданыстағы Заң талаптарының бұзылғандығын және тұрғынжайларды бөлу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындағанын көрсетеді.

Анықталған кемшіліктерді жою мақсатында талдау қорытындысы Кентау қаласы әкімінің және бөлім басшыларының қатысуымен талқыланып, енгізілген ұсыныстардың орындалуын қатаң бақылау қажеттілігі ескертілді.

Жиын соңындп өңірде орын алған сыбайлас жемқорлық деректері бойынша арнайы әзірленген бейнеролик жиынға қатысушылардың назарына ұсынылды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.