МӨҢКЕ БИДІҢ ҚОНАҒЫ

Бірде Мөңке биді көруге құмар болған бір жігіт ол кісіні үйіне іздеп келген екен. Есіктен кірген жігітке Мөңке:

– Түлкім, жоғары шық, -дейді.

Шай келеді. Бір аяқ шай ішкен кезде, Мөңке:

– Сыншым, сөйле, -дейді. Жігіт түсінбей отыра береді.

Жігіт кетер кезде:

– Жыршым, енді рұқсат, үй-ішіңе жет, ел-жұртыңа сәлем айт! -дейді.

Жігіт сонда сауал қояды:

– Сіз маған үш сөз айттыңыз. Осы тұспалдарыңызды мен түсінбедім. Нені меңзедіңіз? -деп.

Мөңке сонда:

– Түлкі ұқсап құбылып келдің. Әр мейман кірер кезде сен сияқты толқып келетіндіктен, соны айттым. Қонақ біраз отырған соң үйдің оң жақ, сол жағына қарап сынай бастайды. «Сыншым» дегенім сол. Қонақ үйден аттанғанда көрген-білгенін жыр қылып айта жүреді. «Жыршым» дегенім – сол, -деген екен.

АҚПАРАТ көзі: el24kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.