Омар ЖӘЛЕЛ, абайтанушы: Шын мәнінде, мемлекетті асырап отырған – халық
Қазақ «ес жиып, етекті жап» дейді. Етек деген – ұлттық қауіпсіздік. Бұған тіл, жер, ішкі және сыртқы саясат, адамгершілік, мораль кіреді. Біз әлі ес жиған жоқпыз. Қашан отар ел болғанымызды мойындап, отарсызданған кезде ғана ес жиямыз.
Біздің қазір айтып отырған нәрсенің бәрі сырттан келген идеология. «Бір қой егіз туса, бір түп жусан артық шығады» деген қазақтың өз идеологиясы бар. Бұл – кәдімгі фундаменталды түсінік. Қазір жас отбасылар «бір балалы болып едік, үй алдық, екіншісін өмірге әкелдік – көлік алдық, үшіншісі келгенде бизнесіміз жүріп жатыр» дейді. Бұл – қазақтың баю технологиясы.
Қазір тәуелсіздікке қол жеткізіп, өз еркі қолына тиген кезде, халықты бақсақ, жамандық болмайды. Халық биліктен ақша сұрап отырған жоқ. Халыққа дұрыс мотивация бер, жағдайын жаса. Идеологияны дұрыс жүргіз. Сонда халық өзін-өзі асырайды. Шын мәнінде, мемлекетті асырап отырған – халық. Халықтың сапасын жақсарту үшін бағбан болуың керек.
NEGE