Пайғамбар (с.ғ.с.) өсиеті

Бес түрлі қасиетке ие адамдардың пейішке баратынына кепілдік беремін:

-Мұраларын бөліскен кезде бір-біріне қиянат жасап, зұлымдыққа бармайтындар;

-Өзгелерді де өзіндей көріп, ынсап қылғандар; .

-Дұшпанға қарсы соғыста құрбан болғандар;

-Олжа бөліскенде қиянат жасамағандар;

-Залымдардан қорлық көріп, қаналушылардың ақысын өндіріп бергендер.

***

Ата тегіңді, туыс-туғандарыңды жақсы танып біл. Өйткені өзара қатынас жасауың үшін қажет болады. Егер қарым-қатынасың үзілсе, жақын туғаныңның да ешқандай пайдасы тимейді. Жырақ тұрғаныңмен бір-біріңмен тату қарым-қатынаста болсаң, алыстықтың зияны жоқ.

***

Бес нәрсені:

-Өлімнен бұрынғы тіршілігіңді;

-Аурудан бұрынғы саулығыңды;

-Тұтқындалудан бұрынғы еркін өміріңді;

-Кәріліктен бұрынғы жастық шағыңды;

-Кедейліктен бұрынғы бай, бардам кезіңді олжа деп есепте.

***

Садақаның абзалы – сау кезінде, сараңдық жасап өмір сүруден және кедейленуден қорқып жасалған садақа. Садақаны кешіктірмей беріңіздер. Жаның алқымға тығылғанда малымның мұншасы анаған, оншасы мынаған дегеніңнің пайдасы жоқ. Өйткені ол кезде сен айтпасаң да малың басқанікі болады.

 

Құран оқып, бата қылыңдар. Одан қашпаңдар. Бірақ оған терең мағына беремін деп, әсірелеп жібермеңдер. Осыны тіршілік етудің құралына айналдырып, дүние табудың көзі етпеу керек.

***

Алланың маңдайға жазғандарының барлығын туысқа да, жатқа да өтпелі нәрсе деп біліңдер. Алла жолындағы ізгі істеріңді кінәлаушылардың кесірінен тоқтатып қойма.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.